Малайзияға Қазақстанның 11 қаласынан тікелей рейс ашылады

9 Желтоқсан 2019, 16:19
1292
Бөлісу:
Малайзияға Қазақстанның 11 қаласынан тікелей рейс ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы 12-ші іс-шараның (ICAN 2019) аясында қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық биліктерімен келіссөздер жүргізді. 

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Малайзия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ірі малайзиялық Air Asia X лоукостерінің өкілдері 2020 жылдың 2 тоқсанында Қазақстанға рейс ашу бойынша жоспарларды растады.

Өзгелердің жаңалығы