Бас жаңалықтар
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады – Омаров
18 Маусым 2019, 11:27 246

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады – Омаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде мал шаруашылығы саласындағы 2018 жылдың нәтижелерін атап өтті. 

Ол 2018 жылы «Сыбаға» арқылы 6 айда 600 астам отбасылық ет фермасы кредит алып, бағдарламаға қосылғанын айтты. Нәтижесінде 2018 жылы ет экспорты 18,7 мың тоннаны, оның ішінде сиыр етінің экспорты 4,7 мың тоннаны құраған. 

«Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында былтыр 25 тауарлық сүт фермасы пайдалануға берілді. Жалпы қуаты 6 мың бастан асатын бұл фермалардың 7 – өнеркәсіптік, 18 – отбасылық фермалар. Тек ұйымдастырылған шаруашылықтардағы сүт өндіру көлемінің өзі 1,5 млн тоннаны құрады», - деді Омаров.

Министр құс шаруашылығында 5,6 млрд дана тауық жұмыртқасы өндіріліп, 671 млн дана жұмыртқа экспортталғанын айтты. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. 

«191 мың тонна құс еті өндірілді. Ақмола облысында қуаты жылына 25 мың тоннаны құрайтын ең үлкен бройлерлік құс фабрикасы іске қосылды. 2018 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады», - деп айтты ведомство басшысы есеп беру кездесуінде.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық