Мальдивте «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

8 Желтоқсан 2021, 14:35
1026
Бөлісу:
Мальдивте «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекция 27 қарашада Оңтүстік Африкадан келген туристте расталды. Жаңа штамның таралу қаупіне байланысты Мальдив Үкіметі шетелдіктерге Зимбабве, Намибия, Маврикий, Мозамбик, Лесото, Ботсвана, Эсватини және Оңтүстік Африкадан елге кіруге тыйым салды.

Ал Оңтүстік Африка ауруханаларын көп науқастарды қабылдауға алдын ала дайындауда, себебі «омикрон» елде COVID-19 инфекциясының төртінші толқынын тудырды. Оңтүстік Африкада вирус жұқтырудың күнделікті көрсеткіші дүйсенбідегі 2.3 мың жағдайдан жұма күні 16 мыңнан астам жағдайға дейін өсті. Президент Сирил Рамафоса халықты коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырды.

Литвада Рождествоға дейін COVID-ке қарсы вакцинацияланған зейнеткерлерге 100 евро төленеді. Ақшаны 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін егілген 75 жастан асқан қарт адамдар алады. Критерий бойынша Литваның 93 мың тұрғыны кіреді. Төлем алу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.


 

Өзгелердің жаңалығы