Макулатура өткізіп, Star of Asia – 2019 фестиваліне билет алуға болады

18 Сәуір 2019, 18:30
2897
Бөлісу:
Макулатура өткізіп, Star of Asia – 2019 фестиваліне билет алуға болады

Алматы, BAQ.KZ. Маусымның 15-16 күндері Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында «Star of Asia Almaty.kz – 2019» фестивалінің үшінші маусымы өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 40 дарынды орындаушы іріктеледі. Бұл жайында бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтылды.

Ұймдастырушылардың айтуынша, іріктелген 40 орындаушыға Қазақстандықтар 22 сәуір мен 10 мамыр аралығында дауыс береді. Көп дауыс жинап, алғашқы жиырмалыққа енген орындаушылар фестиваль сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарымен дуэтте шығуға мүмкіндік алады. Әрбір орындаушыға нөмір қойылады.

Фестивальде қазақ және шет тілдерінде музыкалық шығармалар, cover-нұсқалар, жаңа дыбыстағы хиттар орындалады. Оңтүстік Кореядан келген К-РОР топтар өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Әртістерді конкурс нәтижесіне орай Instagram-дағы @starofasia.kz парақшасында 30 сәуір күні жариялайды. Конкурс жеңімпазы әртістердің қолтаңбасы бар музыкалық альбомға ие болады.

Фестивальдің ұйымдастыру комитетінің құрамына – бас продюсер Айнұр Көпбасарова, жобаның бас режиссері Шара Айдарова, қоюшы-режиссер Назгүл Қарабалина, композитор Ренат Гайсин және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова енген.

Фестиваль екі күн бойы әлемнің 118 еліне трансляцияланатын болады.

«Біз фестивальға еліміздің барлық өңірлеріндегі үлкен аудиториясы бар,вокалдық қабілеттері мен әлеуметтік желілердің арқасында танымал болған жас таланттарды қатыстырамыз. Instagram-да қолжетімді көптеген кандидаттар арасынан түрлі сахналық бағыттағы кәсіби мамандар 40 қазақстандықтардан шорт-парақ құрастырды. Вокалдық мәліметтері, әртістігі, харизматикалық болмыс-бейнесі, Instagram профиліндегі жазылушыларының саны сияқты критерийлер бойынша іріктеудің бірінші кезеңінен өткен үміткерлердің есімдері фестивальдің @StarofAsia.kz. профилінде 2019 жылғы 22 сәуірде жарияланатын болады. Өзіне ұнаған үміткерге дауыс бергісі келгендер біздің профильге жазылып, сол үміткердің суретінің астына лайк басса болды», - дейді фестивальдің бас режиссері Шара Айдарова.

22 сәуір мен 10 мамыр аралығында фестивальдің Instagram-дағы @starofasia.kz парақшасында ұйымдастыру комитеті іріктеген 40 дарынды орындаушыларға дауыс беру өткізіледі. Лайкты көп алған 20 болашақ әртіс отандық шоу-бизнес жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

10 мамырда (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша - 00:01) дауыс беру аяқталады.www.starofasia.kz сайтында және фестивальдің әлеуметтік желілерінде 20 финалистің есімдері жарияланады.

15 мамыр мен 14 маусым аралығында A+A Idea Fabric компаниясының командасы финалистердің Star of Asia Almaty.kz. сахнасында өнер көрсетуіне дайындықты бастайды. Хореографтар, имиджмейкерлер, вокал, актерлік шеберлік бойынша педагогтар, психологтар финалистерге фестиваль сахнасында өздерінің күш-қуатын, дарыны мен бар өнерін ашуға көмектесетін болады.

Бас жүлде – «Star of Asia Almaty.kz – 2019» фестивалінің арнайы статуэткасы және үлкен сахнада отандық шоу-бизнес жұлдызымен бірге өнер көрсету мүмкіндігі.

Сонымен қатар, Алматы қаласында тағы бір акция басталады – макулатура өткізіп, оның орнына Star of Asia – 2019 музыкалық фестиваліне билет алуға болады.

Бұл акция арқылы фестиваль ұйымдастырушылары БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы №12-ші «Тұтыну мен өндірудің ұтымды моделдеріне өтуді қамтамасыз ету» мақсатын қолдап отыр.

«Тұтынушы ретінде бүгінде кім қандай көмек бере алады? Бірінші кезекте қалдықтардың шығу көлемін азайту. Бұл акция арқылы біз барша адамдарды іс-қимылға шақырамыз. БҰҰ мәліметінше, егер планетамыздың тұрғындары 2050 жылға қарай 9,6 млрд адамға жетсе, қазіргі өмір салтын ұстап тұру үшін оған үш планетаның эквиваленттік қуаты керек екен. Акцияға қатысу ережелері қарапайым: қалдықтарды іріктеп, қабылдау пунктіне өткізу, Instagram-дағы #ILoveAlmaty, #StarOfAsia2019 хэштегіне пост немесе сторис жасау, @starofasia.kz фестивалінің аккаунтын белгілеу, сөйтіп, фестивальға екі билет алу», - дейді эко-блогер Аида Әлімбекова.

Star of Asia музыка фестивалі – жылдың дәстүрлі халықаралық оқиғасы. Жыл сайын «Медеу» мұз айдынында өтетін бұл фестивальге 20 000 көрермен қатысады. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, Жапония, Әзербайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және т.б. елдердің танымал әртістері өнер көрсетеді.

2019 жылғы фестивальдің алғашқы күнінің хэдлайнері – Ninety One Q-POP тобы.

Фестивальдің екінші күні МОТ, Dan Balan, НАZИМА және тағы басқа да орындаушылармен есте қалмақ.

Екінші күннің хэдлайнері – Оңтүстік Кореяның танымал K-POP тобы, оның атауы әзірге құпия сақталуда. Ұйымдастырушылар топ атауын конкурс өткізіп барып жарияламақ ниетте, бұл конкурстың бас жүлдесі – сүйікті оңтүстіккореялық артистердің қолтаңбасы бар музыкалық альбом болмақ!

Конкурс 2019 жылғы 25 сәуірде Instagram-дағы @starofasia.kz парақшасында жарияланады, оның нәтижелері 30 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-де жарияланбақ.

2017-2018 жылғы бағдарламаға ARASH, Оңтүстік Кореядан K-POP тобы, американдық әнші Anastacia, Serebro тобы, Севара, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Ziruza, MadMen тобы, ULYTAU және басқа да көптеген өнерпаздар қатысты.

Сондай-ақ, фестивальді ұйымдастырушылар фотографтар арасында да екі конкурс жарияламақ. «Алматы – мың бояулы қала» тақырыбындағы конкурс 2019 жылғы 19 сәуір-19 мамыр аралығында өтеді. Ал «Қызыл жолақтан үздік түсірілім» байқауы 2019 жылғы 15-16 маусымда өткізілмек.

Жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті анықтап, олар демеушілер атынан арнайы сыйлық алатын болады.


Өзгелердің жаңалығы