Мақтааралда сайлауда жеңген ауыл әкімдерге салтанатты түрде куәлік тапсырылды

1 Тамыз 2021, 14:08
2257
Бөлісу:
Мақтааралда сайлауда жеңген ауыл әкімдерге салтанатты түрде куәлік тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл бірінші рет жүзеге асырылған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Мақтаарал ауданында да жоғары деңгейде өтті.

130 мыңнан аса тұрғыны бар ауданда 3 ауылдық округтің әкімі жаңа жүйе бойынша сайланды. Яғни, халықтың арасында кездесулер өткізіп, алдағы жылдары жұмыс істеуге бағытталған бағдарламалары таныстырылды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әрбір әкімдік лауазымға кемінде 3 үміткерден тіркелді. 

Мақтааралда сайлауда жеңген ауыл әкімдерге салтанатты түрде куәлік тапсырылды

Міне, осынау бір саяси додада көпшіліктің күдігін сейілтіп, елдің сеніміне ие болған, сайлауда жоғары дауыс жинап әкімдік лауазымға лайықты деп танылған азаматтарға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Ниязбеков сайлау комиссиясының шешімі мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. 

Мақтааралда сайлауда жеңген ауыл әкімдерге салтанатты түрде куәлік тапсырылды

Н.Саттаров Еңбекші, Жамбыл, Достық ауылдық округтеріне сайланған жаңа әкімдерге елді мекендердегі қордаланған мәселелерді шешуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жоғарылатуды тапсырып, алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, А.Ниязбеков ауыл әкімдерін өздері басшылық ететін округтердің активтеріне таныстырып, орнытақтарына жайғастырды. 

Сайлауда жеңіске жеткен әкімдердің еңбек жолына тоқталсақ: 

Агенов Берік Ерсейітұлы - Еңбекші ауылдық округінің әкмі. 1974 жылғы 10 тамызда Мақтаарал ауданының Шұғыла ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист- есепші мамандығы бойынша бітірген. 

1998 жылдан мемлекеттік қызметте. 2017 жылдың тамызынан осы уақытқа дейін Еңбекші ауылдық округінің әкімі.
Nur Otan партиясы Еңбекші ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде ұсынды. 

Маханбетов Бахытбек Жағалбайлыұлы - Жамбыл ауылдық округінің әкмі. 1964 жылғы 15 ақпанда Мақтаарал ауданының Кенесшил ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ.
Білімі жоғары. 1990 жылы Шымкент педагогика институтын бітіріп, тарих және қоғамтану пәні мұғалімі мамандығын алған. 

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл атындағы колхозда колхозшы болып бастаған, 2017 жылдың тамызынан осы уақытқа дейін Жамбыл ауылдық округі әкімі. 

Nur Otan партиясы Жамбыл ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде ұсынды. 

Данияр Жолдасұлы Асауов - Достық ауылдық округінің әкімі. 1968 жылғы 25 сәуірде Жетісай ауданының Абай ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ. 

Білімі жоғары. 2009 жылы Шымкент қаласындағы Халықтар достығы университетін экономика мамандығы бойынша тамамдаған, экономика бакалавры. 

Кәсіпкер. Көп жылдардан бері өндірістік кооператив басқарады. 

Достық ауылдық округі әкімдігіне кандидаттыққа өзін-өзі ұсынған.


Өзгелердің жаңалығы