Мақтааралда 90 мың тоннадан астам ақ алтын жиналды
01 Қараша 2021, 20:11 129

Мақтааралда 90 мың тоннадан астам ақ алтын жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтааралдық диқандар биыл 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 35,8 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Қазірге дейін 91 271 тонна ақ алтын өнімі алынып, орташа өнімділік 26 центнерді құрап отыр. Бұл туралы бүгінгі брифингте Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов баяндады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы аудан аумағына мақта терім комбайндарының көптеп келуінің арқасында жиын-терім жұмыстарының 82,2% - машина көмегімен, 17,8% - қол күшімен жиналуда.
Мақтаарал ауданы мақтамен ғана емес, қауын-қарбыз өсірумен де танымал. Биыл 16 416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, 409 267 тонна өнім алынды. Атап айтқанда, мақтааралдық диқандар гектарына есептегенде орташа 249 центнерден қауын-қарбыз жинаған. Сонымен қатар, бұл жылы диқандарымыз 2 772 гектар жерге күріш дақылын егіп, қазірдің өзінде 16 539 тонна өнім жинап үлгерді. Бұдан бөлек, 500 гектарға көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат пен қызылшадан 20 048 тонна өнім өндірілген, – деді Бақыт Насырханұлы.
Оған қоса, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бағдарламасына енген. Бағдарлама аясында 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...