Макгрегордың спортқа қашан оралатыны белгілі болды

28 Қараша 2021, 18:19
825
Бөлісу:
Макгрегордың спортқа қашан оралатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландиялық UFC аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор толыққанды жаттығуға қашан оралатынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

33 жастағы Макгрегор 2022 жылдың көктемінде жарақатынан толықтай жазылып шығатынына сенімді.

ММА спарингтерін сәуірде жаңартамыз деп отырмыз. Әрі қарай спортқа оралуым ғажап емес! – деп жазды ирландиялық спортшы.

Бұған дейін Макгрегор абсолютті жекпе-жек чемпионатында (UFC) өнер көрсетін жаңартып қана қоймай, титул үшін күрескісі келетінін айтқан еді. Осы орайда ирландиялық жекпе-жек шеберімен америкалық спортшылар Майкл Чэндлер мен Макс Холлоуэй бақ сынасуға үмітті.

Макгрегор жазда Дастин Порьемен күресу кезінде жарақат алған болатын. Ирландиялық бірінші раундта аяғын сындырып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, ол Порьеге екінші рет есе жіберіп алды.

Өзгелердің жаңалығы