Бас жаңалықтар
Макгрегор спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді
26 Наурыз 2019, 13:35 288

Макгрегор спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. Ирландиялық спортшы Конор Макгрегор аралас жекпе-жектегі мансабын аяқтағаны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл жайында ол өзінің Twitter-дегі парақшасына жазған.

«Мен аралас жекпе-жек ретінде танымал спорттан кетуді шештім. Барлық бұрынғы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Енді мен бұл спорттан кеткен бұрынғы әріптестірмнің қаптарына қосыламын», - деп жазды спортшы.

Конор өзінің соңғы жекпе-жегін 2018 жылдың 6 қазанында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өткізген болатын. Ол кезде ресейлік Хабиб Нурмагомедовке есе жіберген еді. 

Соңғы уақытта БАҚ-та Макгрегор мен Нурмагомедов арасында қарымта кездесу өтеді деген ақпарат жиі тарай бастаған, сонымен қатар ол америкалық Дональд Серронмен де жұдырықтасуды жоспарлап жүрген.

Сізден жаңалық