Македония атауы ресми түрде Солтүстік Македония болып өзгерді

13 Ақпан 2019, 09:35
2559
Бөлісу:
Македония атауы ресми түрде Солтүстік Македония болып өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. Елдің атауын өзгерту жөніндегі Заң 12 ақпан күні өз күшіне енді. Бұл жайында осы елдің Сыртқы істер министрі Никола Димитров Twitter желісінде жазды.


«Бүгіннен бастап Греция мен Солтүстік Македония арасында ұзақ достық басталса екен. Біз өткенімізді өзгерте алмаймыз, дегенімен келешек достығымызды, ынтымағымыз бен серіктесігімізді анықтай аламыз»,-деп жазды министр.

Жаңа атау Скопье үшін НАТО мен ЕО-қа жол ашпақ, алайда Греция мен Македонияның өзінде де үлкен сынға ілініп отыр. Қаңтар айының соңында Грецияда 20 мыңға жуық адам елдің атауын өзгертуге қарсылық танытып, наразылық шеруін өткізген.

Македония Республикасы атауы төңірегіндегі дау 1991 жылдары басталған, ол кезде Югославия Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған еді. Греция ол кезде бұл елдің конституциялық атауын мойындаудан бас тартқан.
Өзгелердің жаңалығы