Махамбет ауданында жаңа спорт кешені ашылды

6 Мамыр 2022, 20:44
1343
Бөлісу:
Махамбет ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Махамбет ауданының орталығында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданның  ардагерлер спортшылары Мұрат Ибрашев пен Жылқайдар Сұлтанов салтанатты лентаны қиды.
 

Бұл біздің ауылдағы 1969 жылы ашылған спорт кешенінен кейінгі екінші үлкен орталық және балаларға керемет мүмкіндік. Кезінде біз жертөледе, киіз үйдің үстінде күресетін едік. Міне, бүгін үлкен, заманауи ғимарат бой көтерді. Жастар үшін қуанып тұрмын, - деді  ардагер спортшы Ж.Сұлтанов.

Екі қабаттан тұратын ғимарат көлемі 1296 шаршы метр. Ауыл жастары спорттың бес түрі бойынша жаттығады. Бұдан бөлек көрермен залында 160 орын бар.

Махамбет ауданында барлығы 14 спорттық нысан бар, соның екеуі спорт мектебі, қалғандары спорт алаңдары. Міне бүгін алғаш рет спорт кешені ашылып жатыр. Бұл жерде күндіз оқушылар, кешке ауыл тұрғындары жаттыға алады,- деді аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы Асылжан Қайырғалиев.

Сонымен қатар, кешен аумағында спорт алаңы және теннис ойнауға арналған кабинет бар.

Өзгелердің жаңалығы