Магнитогорсктегі апаттан қаза болғандар саны 33-ке жетті

3 Қаңтар 2019, 09:26
3443
Бөлісу:
Магнитогорсктегі апаттан қаза болғандар саны 33-ке жетті

Астана, baq.kz. Магнитогорсктегі тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 33-ке жетті. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

«Құтқарушылар ер адамның денесін алып шықты. Ол қайғылы оқиғаның 33-і құрбаны», - деді ТЖМ-нің қызметкері.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 6 бала көз жұмған.
Айта кетейік, 31-желтоқсан күні Магнитогорскідегі Карла Маркс көшесінде орналасқан № 164 он қабатты үйдің подъездерінің бірі қираған. Үйдің құлауына газдың жарылуы себеп болған. Құтқарушылар үйінділердің астынан азаматтарды іздестіруде. Қазіргі таңда 8 тұрғынның мән жайы белгісіз.

Осыған дейін жарылыстан 16 азамат қаза тапқанын хабарлағанбыз.

10 қабатты тұрғын үйде барлығы 12 подъез бар. Онда 1,1 мың адам тұрып жатыр. 

Қайғылы оқиғадан соң, қалада төтенше жағдай жарияланды. Кешірек ол бүкіл Челябинск облысы бойынша жарияланды. 

РФ Тергеу комитеті көпқабатты тұрғын үйдің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғады.
Өзгелердің жаңалығы