Бас жаңалықтар
Қазақстандық магнит-адам туралы не білесіз?
17 Тамыз 2019, 10:44 430

Қазақстандық магнит-адам туралы не білесіз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық Нартай Тұрсанов магнит-адам ретінде әйгілі. Ол өзінің денесінде 200 келі темірді жапсырып, ұстап тұра алады.

Экспресс-К мәліметіне сүйенсек, ол бұл феноменді зерттейтеп түсіндіріп бере алатын ғалымдарды іздейді.

«Мен бұл қабілетімді кішкентай кезімнен білетінмін. Алайда, ешкімге тіс жарып айтпадым», – деді Тұрсанов.

Нартайдың сөзінше, ол Орал қаласының тұрғыны Қарлығаш Нығметованың көпшілікке өз магнетизмін көрсетіп жүргенін көргеннен кейін, өзінің ерекше қабілетімен бөлісуді жөн көрген. Ол денесіне 45 келі темірді жапсырып, суретке түскен. Магнит-адамның денесіне кувалда, үтік, шойын пеш және гір тастары жабысады. Қазір 60 жастағы Нартай Тұрсанов денесіне темірді көтеруден әлемдік рекордсмен саналады.

«Мен спортшы емеспін. Өзімнің биоқуатымды адамдардың игілігіне жұмсағым келеді», - деп атап өтті ол.

Тұрсановтың ата-бабасы батырлар болған. Ал оның әкесі белгілі ақын Махамбет Тұрсановтың ерекше қабілеті бар болған. Ол қойдың сүйегін саусағымен сындыра алған.

Жақында Нартай Тұрсанов Қазақстан емшілерінің съезіне қатысып, өзінің ерекше қабілетін көрсетіп қайтты.  


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық