Магистратура мен докторантураға түсу электрон форматта өтеді

20 Сәуір 2021, 13:00
1504
Бөлісу:
Магистратура мен докторантураға түсу электрон форматта өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібі туралы айтып берді.

Министрі әр талапкер өз біліміне сәйкес әділ, ашық және өз күшімен грантты жеңіл алуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Бұл ғылымға ең мықты, бәсекеге қабілетті мамандардың келіп, ғылымның әлеуеті одан сайын артуына септігін тигізеді.

Былтыр пилотты электрон форматта магистратураға 36 мың түлек тапсырды. Бұл форматтың тиімді екенін көрдік. Осы жылы наурызда 110 мың мектеп бітірушісі сынақ түрінде ҰБТ-ны электрон форматта тапсырды. Осыдан бәріміз пандемияға қарамастан ыңғайлы формат екенін көрдік. Сондықтан электрон форматты магистратураға және докторантураға қабылдауға енгізу қажет, - деп атап өтті Аймағамбетов.

БҒМ басшысы атап өткендей, магистратура мен докторантураға қабылдауды тек қана тестке айналдырып жіберген жоқ. Талапкерлердің эссе жазып, өзінің қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру маңызды болып тұр. Яғни жазбаша емтихан да бар.

Магистр дәрежесі үшін мектептерде ай сайын 30 мың теңгеге жуық қосымша ақы жалақымен қоса төленіп отыр. PhD докторантурада оқитын студенттерге 1,5 жылдың ішінде шәкірақысы 80%-ға өсті. Бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдау көрсетті. Енді Nur Otan партиясы бағдарламасының шеңберінде шәкіртақы тағы да өседі, - деп түсіндірді министр жиналыста.

Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураның сапасын арттыруға да көңіл аудару қажет екенін жеткізді.



Өзгелердің жаңалығы