Бас жаңалықтар
Маған ешкім қысым жасаған жоқ. Тестілеу орталығының экс-директоры жаңа қызметі туралы айтты
11 Маусым 2021, 14:33 121

Маған ешкім қысым жасаған жоқ. Тестілеу орталығының экс-директоры жаңа қызметі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Достар, біріншіден, қастандық теориясын әшкере етуден бастаймын: мен қызметтен өз еркіммен кеттім және маған ешкім қысым жасаған жоқ. Оны жасау да оңайға соқпасы анық, өйткені мен осы лауазымыммен де, басқа да игіліктермен де ешкімге қарыздар емеспін! Мен ҰТО-ға нақты тапсырмаларды шешу үшін тағайындалдым. Өздеріңіз көріп отырғаныңыздай, оларды атқардым. Бірақ жұмсақ креслода отыра беру маған тән қасиет емес. Оның үстіне, сұрақтардың бір бөлігін қоғамдық бастамаларда әрі қарай жалғастыра беретін боламын, - деді ол.

Смағұловтың айтуынша, ол «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып тағайындалды.

Бұл шешім менің өте терең талдауларым мен ұзақ ойларымның нәтижесінде 2020 жылдың желтоқсанында қабылданды. Сонымен құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасымен мен «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып тағайындалдым. Ұйымның негізгі мақсаты - аудандар мен ауылдардағы азаматтардың мәселелеріне баса назар аудара отыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекет ету. Сіздердің көпшілігіңіз менің осы салада жақсы тәжірибем бар екенін білесіздер: 5 жыл ішінде мен кеңесші лауазымынан бастап Департамент директорының орынбасарына дейінгі жолды аймақта да, Антикордың орталық аппаратында да жүріп өттім. Соңғы 2 жылда штаттық құрамында 500-ден астам қызметкері бар, жылдық бюджеті 3,2 млрд теңге болатын және білім беру саласында шешімдер қабылдауға әсер ететін жүздеген млрд теңгеге (білім беру гранттары, жалақыны арттыру, тағайындау мен лауазымын арттыру) ие республикалық мемлекеттік кәсіпорынды басқардым, - деп атап өтті ол.

Тестілеу орталығының бұрынғы басшысы оған көп адам басқа салада тәртіп орнатқаныңыз жөн деп кеңес беріп жататынын айтты.

Сіздердің кейбіреулеріңіз (бірі-қалжыңдап, бірі-шынайы жақтап) менің бастамаларымды қолдай отырып, басқа салаларда тәртіп орнатқаныңыз жөн болар еді деп жазған едіңіздер. Міне, енді маған осындай ерекше мүмкіндік бұйырды. Әрі мұны мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қаржыландырусыз жүзеге асыру: менің ұстанымым «Әділдік жолы» ҮЕҰ мемлекеттік бюджеттің бір тиынын алмай, әрі оның ешбір қаржыландыру түрін қолданбай қызмет ету. Скептиктер мені қиялдап, қоғамдық қызметте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмайды деп айтуы мүмкін. Бірақ мен маңызды аргумент келтіре аламын: біз жалаушаларды босқа ұстап жүрмей, ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын, атап айтқанда, оның екінші, және менің ойымша, негізгі бағыты: «Әділдікті» жүзеге асыра отыра, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға бағыт алдық. Әділдіксіз болашақ жоқ. Бұл аксиома. Бағдарламаның бұл бөлігінде барлық азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы, бюджеттің ашықтығы және ең бастысы - мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы есептілігі көрініс тапқан. Шенеуніктердің ешқайсысы Президенттің бағдарламасына қарсы келмейтін шығар?, - деді Смағұлов.

Дидар Смағұловтың сөзінше, оның аға-көкесі де, капиталы да жоқ. Ол тек білімі мен тәжірибесіне және өмірінің жақсы жаққа өзгеретініне деген мызғымас сенімі бар екенін айтты.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Осы орайда мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты маңызды мәселелерге де ықпал етуге дайын екеніне сенімдімін. Еліміздің тек үлкен қалаларында ғана емес, барлық өңірінде жақсы өмір сүретін уақыт келді. Келесі жазбаларымда мен алдағы жұмыс, аймақтардағы команданы құру және т.б. туралы толығырақ айтып беремін. Достар, мен мемлекеттік қызметтегі барлық жұмысымды барынша ашық жүргізуге тырыстым, Сіздер менің әрбір қадамым туралы біліп отырдыңыздар: осы әлеуметтік желінің парақшасында жеңістермен де, жеңілістермен де ашық бөлісіп, Сіздердің қолдауларыңызға барынша ие болып отырдым. Менің аға-көкем де, капиталым да жоқ: тек білімім мен тәжірибем және өміріміздің жақсы жаққа өзгеретініне деген мызғымас сенімім бар. Сіздерден маған осы жолы да, сол баяғы мақсат жолында: сыбайлас жемқорлықсыз, әділ, гүлденген Қазақстанды құру үшін қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...