Мадридтегі жарылыс: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

21 Қаңтар 2021, 15:55
1374
Бөлісу:
Мадридтегі жарылыс: Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Испанияның Мадрид қаласында жойқын жарылыс болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрмыстық газ жарылып, ғимараттың бес қабатын қиратқан. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. 

Бүгін ҚР СІМ осы қайғылы жағдайға қатысты мәлімет таратты.

Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кешегі Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы