Бас жаңалықтар
Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
12 Наурыз 2019, 14:20 785

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің экс-басшысы Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды. 

"Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №96 қаулысымен Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі болып тағайындалды", - деп жазылған құжатта. 

Еске салсақ, Әбілқасымова 2018 жылғы ақпан айынан 2019 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келді.

Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынас» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттiк басқару академиясын тәмамдаған. 

2002 жылы Колумбия университетін тәмамдап, «Экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды.

2011 жылы Кеннеди Гарвард атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдап, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

1999 жылдан 2001 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі  агенттігінің бас маманы.

2003 жылдан 2004 жылға дейін  - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының бас маманы, басшы.

2004 жылдан 2006 жылға дейін –  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі "Маркетингтiк-талдау зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамы мемлекеттік саясатты талдау департементінің директоры.

2006 жылдан 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2011 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012 жылдан бері Қазақстанның Дүниежүзілік банктегі Басқарушысының орынбасары.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014 жылдан 2018 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесі (2014 жылғы желтоқсаннан бастап) "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі (2016 жылғы желтоқсан - 2018 жылғы ақпан).

Марапаттары: медальдары «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», ІІ дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Құрмет» ордені.


Сізден жаңалық