Мәдениет министрі: Ұстаз – ұлтымыздың тәрбиешісі

4 Қазан 2020, 17:32
2082
Бөлісу:
Мәдениет министрі: Ұстаз – ұлтымыздың тәрбиешісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында жазды.

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлтымыздың тәрбиешісі. Ұстаз бейнесі шәкірті үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Мемлекет үшін білімді жас – ең негізгі құндылық екені де айқын. Ұстаз беделі – қоғам беделі. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», - деген еді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та күні кеше «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет», - деп мәртебелі мамандық иесі беделінің жоғары болуы керектігін қадап айтты, - деді министр.

Оның айтуынша, ұстаз - қоғамның қай саласында болмасын еңбегі ерен, біздің табысты еңбек етіп, биік белестерді бағындыруымызға дəнекер жан. 

Кез келген азаматтың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын ұстаз – мамандықтың төресі, қастерлі есім болып қала береді деген ойдамын. Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, мехнаты мен машақаты мол мамандық иелеріне табыспен қоса сарқылмас күш-қуат тілеймін! Өздеріңізге айтар алғысымыз шексіз! Ел келешегі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіздің жемісі еселене берсін! Дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке, шығармашылық жетістіктер тілеймін!, - деп ол жүрекжарды тілегін білдірді.
Өзгелердің жаңалығы