Қосшыда мәдениет үйі ашылды

31 Желтоқсан 2018, 15:54
4798
Бөлісу:
Қосшыда мәдениет үйі ашылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана, baq.kz. «Рухани жаңғыру» мен Целиноград ауданының 90 жылдығы аясында Қосшы ауылында мәдениет ошағы ашылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы «Қазына-SR» ЖШС компаниясының жиһаз цехы халық игілігіне берілді.

Осыған дейін 30 мыңдай тұрғыны бар ауылда мәдениет ошағы болмаған. Жаңа мәдениет үйі 2 қабаттан тұрады, аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Мәдениет ошағында барлық жағдай жасалған, жылу, су жүйесі орталықтандырылған. Көрермен залы, хореография бөлімі, түрлі үйірме кабинеттері, кітапхана, әдістемелік кабинет, қазақ ұлттық аспаптар оркестрі сынды жұмыс жасайтын 10 үйірме де керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.   

"Биыл біз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан бойынша 3 ауылдық клуб аштық, яғни Зеленый Гай, Новоишимка, және бүгін ашылып жатқан Қосшы мәдениет үйі. Барлық мәдениет үйлерінде 51 шығармашылық ұйым бар,оның 3 «халықтық» деген атқа ие, тағы да 3 ұжым осы атақты алу үшін Минстрліктің шешімін күтіп отыр. Қолданысқа беріліп жатқан Қосшы клубынан елдің мәдениетіне үлес қосар жастар шығады деген үміттеміз",–деді Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев. 

Бүгінгі таңда Целиноград ауданына қарасты 23 мәдениет нысаны бар, оның 19 мемлекеттік, 13-і белсенді. Қосшы ауылында лентасы кесілген бұл ғимарат 24-ші болып тіркеуге алынды. Аудан мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін аудандық бюджеттен 26,3 миллион теңге бөлінген болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы