Мағзұм Мырзағалиев Салтанат Рақымбекованың жақындарына көңіл айтты

3 Тамыз 2020, 10:15
1565
Бөлісу:
Мағзұм Мырзағалиев Салтанат Рақымбекованың жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның Азаматтық Альянсы директоры Салтанат Рақымбекованың қайтыс болуына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Белгілі қоғам қайраткері, Экология, геология эәне табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрайымы Салтанат Рақымбекова дүниеден өтті. Ол ашық-жарқын, жайдарлы адам болатын. Елімізде экологиялық білім беруді ілгерілетуде көп жұмыс атқарып, Қазақстанда "жасыл" қозғалысты құруға зор үлес қосты. Салтанат Темірқұлқызының отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Салтанат Темірқұлқызы тамыздың 3-не қараған түні дүниеден озған еді. Ол пневмониямен үш апта ауырған.
Өзгелердің жаңалығы