Бас жаңалықтар
Бүгін
Маңғыстауда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды
11 Ақпан 2019, 10:33 286

Маңғыстауда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Ақтауда ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы азамат қауіпсіздігі төмен мекемеден (ГМ-172/8, қоныс колониясы) қашып кеткен, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 4 ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев колония аумағында бақылаусыз жүру мүмкіндігін пайдаланып, «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмаған.

«10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сізден жаңалық