Маңғыстауда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

12 Қыркүйек 2019, 22:00
1139
Бөлісу:
Маңғыстауда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. 

Бұл туралы Өңірлік Коммуннкациялар Қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев мәлім етті.

Айтуынша онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

«Үміткерсайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған. Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген. Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет», дейді Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

Өзгелердің жаңалығы