Маңғыстауда армян нөмірлерімен көліктерді уақытша тіркеу басталды

1 Маусым 2020, 12:41
1152
Бөлісу:
Маңғыстауда армян нөмірлерімен көліктерді уақытша тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау полициясы 1 маусымнан бастап армян нөмірлерімен көліктерді уақытша тіркеуді бастады, деп хабарлады Polisia.kz.

Армениядан тек 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автомобильдер ғана уақытша тіркеуден өте алады. Маңғыстау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасында түсіндірілгендей, автокөлік иелеріне 11 946 теңгені құрайтын үш ғана төлем жасау керек.

Бұл тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге.

Көлік құралдарын тіркеу үшін қажет құжаттар:

–  жеке басын куәландыратын құжат; 0,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер;
 – көлік құралы (КҚ) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) тіркеу туралы армян куәлігі;
– басқару құралын оңнан солға ауыстырылған жағдайда автомобильдің қауіпсіздік сертификаты (СБКТС).

Мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар аударылып, нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолымен куәландырылуы керек. B әрпі бар 18-аймақтың сары нөмірлері армян автомобильдеріне беріледі. Құжатта уақытша тіркелген көлікке тіркеу куәлігін берген кезде, "Арнайы таңбалар” бөлімінде "бұл басқа адамға тіркеуге жатпайды" деп жазылады.

Таңертеңнен бастап автокөлік иелері мамандырылған ХҚКО-на келе бастады және сол уақыттан бері екі автокөлік рәсімделді.


Өзгелердің жаңалығы