Маңғыстауда «Адал ұлан» оқушылар слеті өтті

22 Шілде 2019, 21:13
2752
Бөлісу:
Маңғыстауда «Адал ұлан» оқушылар слеті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдің жастары арасында «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде «Адал ұлан» слеті өтті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Слет мақсаты – «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында азаматтардың бойында адалдық қасиеттерді нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Маңғыстау – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобаларының және «Адал ұрпақ» клубының аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған шара «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде өңірдің қала және ауданнан келген оқушылар арасында зияткерлік ойын форматында өткізілді.

Ойынға әрқайсысы 5 мүшеден тұратын 4 команда қатысып, әділ қазылар алқасы бекітілді. Ойын шарты бойынша 3 турдан тұрып, командаларға таңдаулы сұрақтар және капитандар сайысы атты кезеңдермен бөлінген сұрақтар қойылды.

Барлық топ мүшесі сайыс барысында белсенділік танытып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімімен «Арыстан» тобы 1-орынды, «Қыран» тобы 2-орынды және «Барыс» тобы 3-орынды иеленсе, «Бірлік» тобы сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Барлық жеңімпаз арнайы дипломдармен марапатталып, ал лагерь басшылығына департамент атынан алғыс хат табыс етілді.

Осындай шара форматы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Іс-шара жазғы лагерь оқушыларының өнері мен тәрбиешілер ұйымдастырған флешмобпен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы