Маңғыстауда 24 мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

20 Ақпан 2020, 10:52
1267
Бөлісу:
Маңғыстауда 24 мас жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында мас жүргізушілер саны 3 есеге азайды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдарды күн сайын патрульдеу жұмыстарының арқасында мас көлік жүргізушілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары жүргізілуде.

Статистика бойынша, қолданыстағы әкімшілік жазалау шаралары жүргізушілердің тәртібіне оң нәтижесін беруде. Мас күйінде жүргізгені үшін жазаны күшейту жүргізушілер мен жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері көлік жүргізуге масаң күйде отырған 145-тен астам жүргізуші анықталды. Заң талаптарының өзгеруіне байланысты масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің саны 2 есеге азайды. Автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін 24 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 2019 жылдың қорытынды кезеңімен салыстырғанда 3 есеге аз.

Мас күйінде көлік жүргізген барлық жүргізушілерге олардың өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, айналасындағы адамдардың өмірі өте маңызды екенін есте сақтаған жөн.

Өзгелердің жаңалығы