Маңғыстауда 2000-ға жуық адам латын әліпбиінде ашық диктант жазды

11 Қыркүйек 2019, 08:30
2626
Бөлісу:
Маңғыстауда 2000-ға жуық адам латын әліпбиінде ашық диктант жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ тілінен латын графикасына негізделген ашық диктант бір сағатқа созылды, деп хабарлайды 24.kz.

Қатысушылар қатарында оқушылар, студенттер мен әртүрлі сала мамандары бар. Білім сынағының нәтижесі республика бойынша 20 қыркүйекте белгілі болады.

Ақтауда осы іс-шараның өтуіне тікелей атсалысқан облыстық Ассамблея өкілдері үздік жұмыс авторларына сыйлық берілетінін айтып отыр. «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында қолға алынған білім сынағы аймақтағы бес аудан мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында өтті. Облыс орталығындағы Достық үйіне жүзге жуық адам келді. Олардың көпшілігі - жастар. Бір қуантарлығы, осы аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің дені мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жаза алады.

Диктанттың сауатты жазылуын арнайы құрылған комиссия мүшелері тексереді.

"Диктанттың тақырыбы - «2019 – Жастар жылы» деп аталды. Расында да, биыл жастар жылы. Яғни, болашақ біздің қолымызда. Ал қазақ тілінің болашағы латынша айтылып және жазылуында. Осы арқылы мемлекеттік тіліміз әлемге танылады. Бүгінгі диктант маған ұнады. Жақсы баға аламын деп ойлаймын", - деді студент Самир Сейфулаев.


Өзгелердің жаңалығы