Маңғыстау облысының үш жылдық жұмыс жоспары жасақталды

9 Тамыз 2019, 23:51
2614
Бөлісу:
Маңғыстау облысының үш жылдық жұмыс жоспары жасақталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген аймақ басшысы әкімі Серікбай Трұмов хабарлады.

Сонымен, ішкі өңірлік өнім көлемі 1-ші тоқсанның қорытындысымен 661 млрд теңгені, ал нақты көлем индексі 97% құрап отыр. Орта шағын және бизнес субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда, 8,6%-ға өсіп, 53,6 мың бірлікті құрады. Бизнес субъектілері 33% өсіммен 263 млрд теңгенің өнімін шығарды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы инвестиция тартудың және кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарының бірі. Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында құны 1,1 млрд.теңге болатын 39 жоба мақұлданды (01.07.2018ж – 860 млн.теңгеге 40 жоба). Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін 2 млрд.теңгеден астам шағын несие бөлінді, былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ке көп (ауыл кәсіпкерлеріне – 1 529 млн.теңге, қала кәсіпкерлеріне – 699 млн.теңге).

Есепті кезеңде 1,7 млрд.теңгеге 57 кредит беріліп, 239 жаңа жұмыс орны құрылды. 2019 жылдың 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 15%-тен 22,5%-ке дейін артты.

Еңбек нарығы көрсеткіштерінің динамикасы тұрақты. Жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын есепке алғанда 17 140 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ке дейін төмендеген.

«Ауылішілік жолдарды дамыту тұрақты бақылауда болады. Приморский ауылішілік, Ақтау және Жаңаөзен қалаішілік жолдарының құрылысы жыл соңында аяқталады деген жоспарымыз бар. «Шетпе-Қызан» (Тасмұрын-Мәстек учаскесі), Шебір, Қызылтөбе-2, Баянды, Маңғыстау-4, Ақшұқыр ауылішілік жолдарының құрылысы жалғасады. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын қоса алғанда ауылішілік жолдарды орта жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс экономикасының перспективалы бағыттарының бірі – аграрлық секторды дамыту. Есепті кезеңде 6,8 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал саны 10%-ке немесе 719 мыңнан 791 мыңға дейін өсті. Жылыжай шаруашылықтарының саны 41 бірліктен 57-ге дейін артты. Өңірімізде ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді жолының бірі, ол – мал және егін өнімдерін қайта өңдеу. Бұл осы саланы дамытудың басты бағыты. Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 21 кәсіпорын жұмыс жасайды (сүт өнімдері–7, ет өнімдері– 8, ұн – 4, жүн – 1, көкөніс – 1). Сондай-ақ, инвестициялық құны 4 млрд. теңгеге 3 ірі жобаны іске асырылуда, олар: - Түпқараған ауданында жылына 5000 тонна құс етін өндіретін фабрика («Актау-Агро» ЖШС, құны – 2 млрд.теңге, аяқталу мерзімі – 2020 жыл 1-тоқсан); - Ақтау қаласында жылыжай кешенінің қуатын 200 тоннадан 2400 тоннаға дейін кеңейту («Астық» ШҚ, құны – 1,6 млрд.теңге, аяқталу мерзімі – 2019-2020 жыл); - 15 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт («Жамалбек» ШҚ, құны – 440 млн.теңге, аяқталу мерзімі – қараша 2019 жыл). Аталған жобалардың іске асуы өз кезегінде ішкі өңірлік нарықты біртіндеп жергілікті өнімдермен толтыруға мүмкіндік береді (ет өнімдерімен 11%-тен 32%-ке дейін, сүт өнімдерімен 4,7%-тен 12%-ке дейін).

Жиын барысында алдағы уақытқа жоспарланған бірқатар жобалар талқыланды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент берген тапсырмаларды орындау және өңір экономикасын тұрақтандыру мақсатында   3 жылдық іс-қимыл Жоспары жасақталып, бекітілді. Олар: индустриалдық жобалар, транспорттық инфрақұрылым, туризм, инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және экология мәселесі» - деп түйіндеді аймақ басшысы.



Өзгелердің жаңалығы