Бас жаңалықтар
Маңғыстау облысында карантин шаралары жеңілдетілді
23 Мамыр 2020, 18:49 508

Маңғыстау облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың Қаулысымен карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Маңғыстау облысының эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанға дейін ұзартылады.

 Қарақия ауданының Құрық ауылына және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко ауылына кіретін жолдарды қоспағанда, мемлекеттік шекарада, көршілес облыстармен шекарада және полицейлер, әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері қатарынан қалалар/аудандар айналасында байланыссыз термометрия жүргізу үшін блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тарта отырып, COVID-19 ауруы тіркелген ауылдық елді мекендер қоршалады;

Жазғы алаңы бар ашық ауада, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін жалпы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (би алаңысыз) жұмыс істеуге рұқсат етілген;

Сауда-ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (кинотеатрлар, ойын алаңдары, фуд-корттар, мұз айдындарын) іске қоспай жұмыс істей алады;

Халыққа қызмет көрсету нысандары (көшедегі балалар аттракциондары және басқа да объектілер) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін адамдардың көптеп жиналуы, ұзақ әрі тығыз байланыс орнатуы болмаған жағдайда және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ашылады;

Барлық меншік түріндегі спорт нысандары (фитнес, йога) бассейндерсіз, адамдарды тек 30%-ға дейін қабылдаумен, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын қайта бастайды;

Мал базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді;

Бейнеу ауданын қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың көптеп жиналуына жол бермеу және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында алдын ала жазылу бойынша, электронды кезекпен және басқа да шаралар арқылы жұмыс істейді.

Карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімдері COVID-19 коронавирус инфекциясының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...