Маңғыстау облысында ер азамат өз-өзіне оқ атты

9 Қаңтар 2019, 16:49
2378
Бөлісу:
Маңғыстау облысында ер азамат өз-өзіне оқ атты

Астана, baq.kz. Шетпеде ер азамат абайсызда өз-өзіне оқ атқан. Бұл туралы жергілікті inaktau.kz порталы хабарлайды.

Қазіргі таңда ер азаматтың жағдайы ауыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 9-қаңтар күні, шамамен сағат 11:30-да Шетпе аудандық орталық ауруханасына өкпесі мен жүрегі тұсына оқ тиген азамат жеткізілген.

Жараланған ер азаматқа аудандық аурухананың дәрігерлері шұғыл түрде операция жасаған.

«Операция сәтті өтті. Қазіргі таңда дәрігерлер зардап шеккен азаматтың денсаулығы жақсарғанын айтты. Бірақ оның жағдайы тұрақты ауыр халде. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер азамат абайсызда жүрек тұсына оқ атқан. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр», - дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы