Маңғыстау облысында "ANTIKOR ORTALYGY" ашылды

21 Ақпан 2020, 16:30
1275
Бөлісу:
Маңғыстау облысында "ANTIKOR ORTALYGY" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сервистік "ANTIKOR ORTALYGY" ғимараты ашылды.

Ашылу салтанатында Облыс басшысы Серікбай Трұмов "ANTIKOR ORTALYGY" орталығы халық үшін өз жұмысының нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана тиімді де үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатын айтып, осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Республиканың барлық аймақтарынан "ANTIKOR ORTALYGY" ашылып жатқанын атап өтті.

Іс-шара барысында Агенттік төрағасының бұйрығымен облыстың бірқатар қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолында қосқан елеулі үлестері мен көмегі үшін грамоталармен марапатталды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы