Маңғыстау облысы карантинге жабылады

1 Сәуір 2020, 18:36
1751
Бөлісу:
Маңғыстау облысы карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемді жайлаған індеттен сақтану үшін Маңғыстау облысы да карантинге жабылатын болды.

Коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермей, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың қаулысы бойынша, Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 3 сәуірі 00:00 сағатынан бастап  2020 жылдың 15 сәуірі 07:00 сағатына дейін карантин режимі және шектеу шаралары енгізіледі.
Өзгелердің жаңалығы