Бас жаңалықтар
Мақтааралда зардап шеккен егістік қайта жайқалды
07 Тамыз 2020, 19:40 243

Мақтааралда зардап шеккен егістік қайта жайқалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тасқын судан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында 3,4 мың га жер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Атап өтер болсақ мақта, бақша өнімдері мен жүгері, күріш егіліп, жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуынан аймақта 11 елдімекенде 1031 тауар өндірушінің 5,9 мың га егістік алқабы зардап шеккен болатын. Ауылшаруашылығы саласы мамандарының қатысуымен жасалған есепке сәйкес, жалпы шығын көлемі 1,142 млрд теңгені құрайды.

Келтірілген шығын көлемі «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС тарапынан ұсынылған технологиялық картасы негізінде 1 га егістің шығыны мен өткен жылы алынған өнімнің 1 кг-на нақтыланған статистикалық бағасы негізінде есептеліп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы тарапынан Үкіметтің қарауына ұсынылған. Төтенше жағдайдың зардабын залалсындандыруға Өзбекстан Республикасынан 43 ауыл шаруашылығы техникалары мен 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.

Сонымен қатар, шығынға ұшыраған тауарөндірушілерге 1,2 млрд.тг. қаржы өтемақы төленді. Аумақта ветеринариялық қауіпсіздік сақтала отырып, ауыл

шаруашылығы аумақтары толығымен залалсыздандырылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...