Мақтааралдағы су тасқыны: Өлген мал үшін иелеріне өтемақы төленді

3 Тамыз 2020, 11:10
1105
Бөлісу:
Мақтааралдағы су тасқыны: Өлген мал үшін иелеріне өтемақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерден жалпы 931 бас түрлі ауылшаруашылығы жануарының өлекселері шығарылған болатын. 

Өлекселер арнайы инсенератор аппараты арқылы толығымен жойылып, елді мекендерде бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жасалған.

Мал өлекселерін жою мақсатында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы, Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және аудандық "Ветеринариялық қызметі" КММ-нің өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, дер кезінде әрекет етті. Жұмыс барысында мал өлекселерінің көбі Өзбекстаннан ағып келгені белгілі болған еді.

931 мал өлекселерінің ішінде ірі қара 40, ұсақ мал 876, жылқы 9, түйе 6 басқа жеткен. Осы жойылған малдардың ішінде су басқан елді мекендерде тұратын 22 азаматқа тиесілі 144 бас жануар анықталып, арнайы белгіленген өтемақылар "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы аударылған, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, түйеге 300 мың теңгеден бастап 1,5 миллион теңгеге дейін, жылқыға 160 мыңнан 380 мың теңгеге, сиырға 110 мың теңгеден бастап 220 мың теңгеге, ұсақ малға 25 мыңнан бастап 45 мың теңгеге дейін, ал үй құсына 2000 теңгеге дейін өтемақылар төленген.   



Өзгелердің жаңалығы