Бас жаңалықтар
Мақтааралдағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынды
16 Мамыр 2020, 18:35 351

Мақтааралдағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы топан су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде.

Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген. Сондай-ақ, көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 4 дана балық түрі жөнілтіліпті.

Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай мәлім етті.

Бөлім басшысының айтуынша, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының мамандары су басқан ауылдарда тәулік бойы жұмыс істеуде. Ондағы мақсат – тұрғындардың балық аулауына тыйым салып, улану фактілерінің алдын алу.
Біз 12 мамыр күні су басқан елді мекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасының сараптама орталығына жөнелттік. Сараптама қортындысы алдағы аптада дайын болады. Соған дейін тұрғындардың сарқынды судан балық аулауына тыйым салынады. Әзірге су басқан ауылдарда балық аулау фактілері тіркеліп жатқан жоқ, - дейді Шәкен Боранбай.
Топан су кезінде үй жануаларының өлексесі көбеюіне байланысты осы аумақтарда өлекселермен қоректенетін шиебөрілердің саны артып кеткен. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы "Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы" №480 бұйрығына сәйкес тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшы қаруы әзірленіп, 45 мың теңгеге 300 дана оқ-дәрі сатып алынған. Қазіргі уақытта осы ауылдардағы шиебөрілердің санын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Атылған шиебөрілер аудандық ветеринария бөлімшесіне өткізілетін болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...