Бас жаңалықтар
Мақтааралда індеттен қаза болғандарды үнсіздікпен еске алды
13 Шілде 2020, 13:54 144

Мақтааралда індеттен қаза болғандарды үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Мақтаарал ауданының мемлекеттік мекемелерінде көк ту төмен түсіріліп, ғимараттарының алдына қаралы таспа тағып шыққан қызметкерлер коронавирустан қаза болған отандастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ғимаратының алдына облыс және аудан әкімшілігі өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, аудандық полиция бөлімінің басшылығы бастаған мемлекеттік қызметшілер карантин талаптарын сақтай отырып, мәңгілікке аттанған жерлестерді аза тұтты.

Бұған дейін ел тарихында Жалпыұлттық аза тұту түрлі себептермен сегіз рет жарияланған болса, бүгін алғаш рет коронавирустың әлемдік пандемиясы мен қазақстандық азаматтардың елеулі санының қаза болуы салдарынан аза тұтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...