Бас жаңалықтар
Күніне 300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері шетелдерге жол тартады
13 Тамыз 2019, 18:29 278

Күніне 300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері шетелдерге жол тартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын 200-300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса қарбыз еккен, деп хабарланды облыс әкімдігінің сайтында.

9d43702a-54f2-404c-97d4-43af5dacb06e.jpg

Диқандар "Мырзашөл", "Жиенбет" және "Валеть" сортты қауындарды экспортқа шығарады.
647f3ced-e3d7-49a4-bd7e-d015be50d139.jpg

"Жаңа сорттардың дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сыяды. Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандарымыз үлкен табыс тауып, күллі Ресей мен Еуропаның бірнеше елінің нарығына кіріп отыр", - делінген таратылған ақпаратта.

e4218dbf-7701-4727-a68e-241dde821722.jpg

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Алдағы уақытта көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық