M1-Challenge: Турнирдің екі титулдық жекпе-жегі қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды

20 Қазан 2019, 09:50
2561
Бөлісу:
M1-Challenge: Турнирдің екі титулдық жекпе-жегі қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада M1- Challenge105 #СЕНІҢЖАҢАҚЫРЫҢ KAZMMA-да атты аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі доданың басты айқасы жеңіл салмақтағы M-1 Challenge-нің қазіргі чемпионы Сергей Морозов пен M-1 Challengе-де екінші жекпе-жегін өткізген американдық спортшы Джош Реттингхаустың кездесуі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл қарсыластар бұған дейін кездескен болатын. Ол кезде Джош Сергейді нокаутқа жіберіп, айқас бірінші раундтың бесінші минутында аяқталған еді. Бұл жолы Сергей қарымтасын қайтарды, бүкіл бес раундта өзі басымдық көрсетіп, соңына қарай шоу көрсетті.

15d0c374-59bf-46b8-8535-a3f1aae6d6a8.jpg

Турнирдегі екінші титулдық жекпе-жек отандасымыз Асу Алмабаев пен канадалық Крис Келадестің кездесуі болды. Олар ұйымның жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі үшін таласты. Алғашқы раундта-ақ Асу Алмабаев канадалық қарсыласының мысын басып, жеңіс тұғырына көтерілді. 

6fce525b-363e-4d98-80ec-6e14a51534c3.jpg

Айта кетейік, Асу Алмабаев БЖЖ бойынша әлем чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Республика чемпионы, сондай-ақ, М-1 Global турнирінің екі дүркін жеңімпазы.

d054a3d5-6907-40b4-b76f-4c5b1e13b2d1.jpg

Турнир аясында көрермендер әртүрлі елдерден келген спортшылардың қатысуымен 13 жекпе-жекті тамашалай алды. Олардың ішінде отандастарымыз Сәбит Жүсіповпен ресейлік Глеб Хабибуллин, Жұман Жұмабеков пен финляндиялық Микаэль Силандер, Азамат Марқабаев пен грузиялық Бека Гогаладзенің кездесуін атап өтуге болады. Үш кездесуде де отандастарымыз жеңісті қолдан бермеді. Тек атыраулық Исатай Арлан мен белорусиялық Данила Приказа өзара тең түсті.


Өзгелердің жаңалығы