Мәжілісте Азаматтық процестік кодекске енгізілетін түзетулер талқыланды

17 Қыркүйек 2019, 18:03
1759
Бөлісу:
Мәжілісте Азаматтық процестік кодекске енгізілетін түзетулер талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Жоғарғы сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілетінін айтты.

"Елбасы, одан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі жүйесін жаңғырту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Біздің басты мақсатымыз - процесті оңтайландыру, оны сотқа да, тараптарға да ауыртпалық келтірмейтіндей ету. Басымдық - біздің азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері. Олар қандай жағдай болмасын жапа шекпеулері керек", - деді Мейрамбек Таймерденов.

Оның айтуынша, тиісті заң жобасында судьяның және сот ісіне басқа да қатысушылар жұмысының заманауи форматы, азаматтық процесті оңтайландыру, сот ісін жүргізуді цифрландыру бағыттары қарастырылған.

Атап өтсек, бүгін Мәжілісте "ҚР Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заң жобасы қаралды.
Өзгелердің жаңалығы