Бас жаңалықтар
Мәжілісмендер БҚО-да «Нұрлы жермен» салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
16 Шілде 2019, 16:13 187

Мәжілісмендер БҚО-да «Нұрлы жермен» салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов облыстың Зашаған кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйдің құрылысымен танысты.

Кіші палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Зашаған кентінде 9 қабатты үй салынуда.

«Жалпы Орал-Саратов трассасы бойында бекітілген құжатқа сәйкес 9 үй салу жоспарлануда. Оның бүгінгі танда 7-і салынуда, яғни осы жылы 774 пəтер қолданысқа беріледі. Аталмыш үйлерден басқа осы жылдың төртінші тоқсанында Зашаған кентінде кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға арналған құрылыс нысанын тапсырысқа беру жоспарда бар», - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Əлібек Антазиев.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қазіргі танда елімізде мыңдаған пәтер салынып, халқымыздың тұрғын үйге қолдарын жеткізіп жатқанын, сонымен қатар, бүгінгі күні мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарына басты назар аударылып жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының негізгі мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.




Фото: дереккөз

Сізден жаңалық