Мәжілісмендер сүт-тауарлы фермалардың жұмысымен танысты

17 Шілде 2019, 19:45
1665
Бөлісу:
Мәжілісмендер сүт-тауарлы фермалардың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Сапар Ахметов, Сергей Звольский және Мұрат Теміржанов «Қазақстан Республикасы Президетінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен кездесті.

«Кездесу барысында халық қалаулылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасындағы негізгі 10 бағытты талқылап, сүт-тауарлы фермаларды аралап, кәсіпорын қуаттылығымен танысты. Іс-шарада Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов барша қазақстандықтарды лайықты өмір сүру мен ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін бірігуге және жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге шақырды», - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Одан әрі депутаттар Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі «Кәрімов» жеке кәсіпкерлігінің меншігіндегі сүт-тауарлы фермасына барды.

Ферма директоры Рахым Кәрімов сүт өнімдерімен таныстырып, зауыттың өндірістік қуаттылығы жайында баяндады.

«Біздің сүт-тауарлы фермамыз 2017 жылы құрылғанына қарамастан, бүгінде кәсіпорынымыз бір тәулікте 2000 тонна сүт өнімін өндіреді. 164 ірі қара мал басы бар. Ферма қоражайларының сыйымдылығы 400. Зауытта бүгін 65 адам еңбек етеді» - деді Рахым Кәрімов.                                                                 

Өз кезегінде, депутат Серік Құсайынов Жетісу өңірінің ауылшаруашылығы саласында болашағы зор екенін айта келе, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген меженің бірі кәсіпкерлікті қолдау және кооперативтер құру екенін еске салды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы