Мәжілісмендер Ақтау қаласындағы жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысымен танысты

12 Шілде 2019, 00:27
1254
Бөлісу:
Мәжілісмендер Ақтау қаласындағы жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Евгений Козлов және Ирина Унжакова Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтаудағы тұрғын-үй, коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттардағы нысандарды жылумен, сумен қамтуға жауапты «Каспий жылу, су арнасы» МКК ұжымымен кездесті.

 

Кіші палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, алты жүзге жуық жұмысшы жұмыс істейтін мекемемен танысқан депутаттар Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстарға, елдің ертеңі жарқын болуы үшін білікті мамандарды оқыту, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жастардың рөлі туралы ой бөлісті.

Депутат Бақытжан Ертаев жастар проблемасына көбірек тоқталды. Оның айтуынша, тәжірибе уақыт өте келеді, сондықтан да алдымен басшы болуға асықпау керек, керісінше білікті маман болуға ұмтылған абзал.

«Тарихымыз өте терең, біздің болашағымыз алда, шекарамыз шегелеп, туымызды көтеріп, тәуелсіздікке жетіп, мәңгілік ел болудамыз. Болашақ жастарда. Биыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. «Nur Otan» партиясы жастарды бастамасын қолдайды, - деді Бақытжан Ертаев.

Өз кезегінде кәсіпорын ұжымы да жұмыс барысында орын алып жатқан қиындықтар туралы сөз қозғады. Әсіресе, құқық қолдану тәжірибесін жеңілдету сұрақтары бойынша заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасады.

6dc05c08-196e-4308-8a7f-1d8e1091ae62.jpg

Атап айтқанда, депутаттарға «Нотариустармен нотариалдық әрекет жасау» ережесіне толықтыру енгізу қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану, берешекті өндіру бойынша үдерістер инжинирингі, үйдегі ортақ есеп құралдары кімдердің балансында болуы тиіс деген сұрақтар көп талқыланатын, алайда шешімін таппай келе жатқан алдыңғы проблемалардың қатарында екендігі айтылды.

Кездесуде депутаттар мекеме қызметкерлерін толғандырған барлық сұрақтарға толықтай жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.



Өзгелердің жаңалығы