Бас жаңалықтар
Мәжіліс депутаты Шымкенттегі логистикалық орталықтың жұмысымен танысты
16 Шілде 2019, 15:09 209

Мәжіліс депутаты Шымкенттегі логистикалық орталықтың жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясының фракция мүшесі Нұржан Әлтаев бірқатар кездесу өткізді.

Депутат «Continental Logistics Shymkent» көлік логистикалық орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті.

3.jpeg

2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылған А+ санатындағы «Continental Logistics Shymkent» кешенінің бүгінгі жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.

Батыс Еуропа — Батыс Қытай көлік магистраліне және әуежайға жақын орналасқан «Continental Logitics Shymkent» жаңа көліктік-логистикалық орталығында тікелей теміржол желісі де қарастырылған. Мұндағы мамандар маркетинг пен менеджментті кеңінен қолдана отырып кешеннің мүмкіндіктерін толық пайдалануға кіріскен.

«Көлік-логистикалық орталығы біздің ауылшаруашылығының көптеген мәселелерін шешетін маңызды жобаның бірі. Біздегі көптеген фермерлердің, солардың өздерінің продукциясын қалаларға шығару үшін логистикалық орталық, қоймалар қажет. Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдерінің бағасының өсіп жатқаны осындай қоймалардың жоқтығынан. Бірақ, қазір бұл үлкен жобаның іске асып жатқанына өте қуаныштымын. 93 гектар аумақта орналасқан нысан тауарды жинау және сақтауға бағытталған орталықтың негізгі артықшылығы – нысанның қолайлы жерде орналасуында. Осында сақталатын отандық өнімдер жергілікті сауда орталықтарына жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ, тағы бір жоба логистикалық орталықтың жанынан 200 гектар аумағында агро-индустриалды орталық салынайын деп жатыр. Ол жерде фермерлерден келген тауарлар өңделіп, қоймаларда сақталады. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін ары қарайда жұмысты атқаратын боламыз», - деді депутат.

2.jpeg

Орталықта Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден келіп жатқан транзиттік жүктер сақталады және кедендік рәсімдеуден өтеді. Әрқайсысының аумағы 10 мың 300 шаршы метр болатын екі қойма жұмыс істейді. Қоймалар халықаралық деңгейдегі «А» санатының талаптарына сай. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жақсарту үшін енді екі ел арасында логистикалық бірлескен кәсіпорын құру жоспарда бар.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық