Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады

26 Маусым 2019, 11:39
1287
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады. Бұл жайында мәжілісмен Василий Олейник айтты.

«Біз сессияны 10 шілдеге дейін ұзарттық. Жұмыс істейміз. Себебі қабылдануы тиіс заң жобалары көп. Қазір депутаттардың жұмысы аз емес. Сессия аяқталысымен мәжілісмендер өңірлерді аралауға ниетті. Нақтыласақ, депутаттар 10-шы шілдеден кейін аймақтарға барып, сайлаушылармен кездеседі», - деді Василий Олейник кулуарда берген сұхбатында.

Бұған дейін, жалпы отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «баршамыздың ниетіміз – Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы» деген еді.

Сонымен қатар, отырыста Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту тәртібін жеңілдететін заң жобасы мақұлданды.
Өзгелердің жаңалығы