Мәжіліс депутаттары Арыстағы зардап шеккен тұрғындармен кездесті

26 Маусым 2019, 22:36
1572
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Арыстағы зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

Депутаттар эвакуациялық бекеттерде тұрғындармен кездесуде бірінші кезекте қандай мәселелер толғандыратынын және дәл қазіргі уақытта қандай көмектер қажет екендігін білді. Сонымен қатар, материалдық көмек, тұрғын үйді оңалтуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, халық қалаулылары Қазығұрт және Сарыағаш аудандарындағы бекеттерде және Шымкенттегі жатақханаларға барды.

Тұрғындар мәжілісмендерге және барлық қазақстандықтарға көмек көрсеткендері үшін және қазіргі уақытта эвакуациялық бекеттерде уақытша болу үшін жасалған жағдайларға алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, депутаттар медициналық мекемелерде емделіп жатқан зардап шеккендерге де барып, олардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Мәжіліс депутаттары бір күндік еңбек жалақыларын арнайы көмек көрсету қорына аударған болатын.

Өзгелердің жаңалығы