Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

16 Қаңтар 2019, 11:38
3574
Бөлісу:
Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды
PHOTO

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Елордамыздың Есіл ауданында «Астананың 1001 түні» атты мұз мүсін жасаудан xалықаралық байқау өз мәресіне жетті.

Ботаникалық саябақтың аумағында өткен сайысқа 16 команда қатысты. Қатысушалыр қатарында Қазақстан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген азаматтар бар. Қазақстанның атынан шығатын шеберлер Ақтөбе, Қарағанды, Ақтау, Орал, Риддер, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақмола облысынан келіп отыр. Астана қаласынан 4 топ қатысты.

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

«Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында бұл фестиваль басталған болатын. Қатысушылар арасында тек Қазақстандақ мүсіншілер ғана емес, Қытай және Ресейден келген азаматтар бар. Сайыстың басында 16 топ болған, оның 14 финалға жетті. Әр топ 2-3 адамнан құралған. Бүгін әділқазылар қорытынды шығаратын болады. Олар 6 талапқасай жеңімпазды анықтайды.

Жеңімпаздар жылдамдық, идея, ерекшелік, тематиканың берілуі және тақырыпты ашу талаптары бойынша анықталды. Жеңімпаздарға мараппаттау үшін басшыдық 3 000 000 млн теңге қаржылай бөлген. Үшінші орынға 300 000 мың теңге, екінші орынға 500 000 мың теңге, бірінші орынға 700 000 мың теңге және бас жүлде 1 000 000 млн құрайды және арнайы сертификат пен кубок ұсынылады. Бұл фестиваль енді жылда өз жалғасын табады деп ойлаймын. Себебі осы жоба арқылы біздің ботаникалық саябағымызға жаңа бейне енді деп есептеймін. Түнде бұл мүсіндер жанып тұратын болады. Ақпан айының соңына дейін қала тұрғындарын қуантады деген сенімдемін. Жеке басым үшін жеңімпазды анықтау қиын болмақ, себебі ескерткіштер бірінен бірі өтеді»,- дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары және әділқазы мүшесі Нұрлан Омаров.

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Іс-шараның басты мақсаты – шығармашылық тәжрибиемен алмасу, қала тұрғындары мен қонақтарына бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау және Астана қаласын мәдени туризм орталығы ретінде насихаттау.

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Мұз мүсін жасаудан халықаралық байқау аяқталды

Фотолар: Нұржас Жақсыбай 
Аягөз Абылқызы
Өзгелердің жаңалығы