Мұxтар Әблязовқа қатысты жаңа деректер шықты

27 Маусым 2019, 14:02
4638
Бөлісу:
Мұxтар Әблязовқа қатысты жаңа деректер шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БТА Банкінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтың сыбайластары мен қызметкерлері Қазақстанға оралып, өкінетіндерін айтқан. Бұл туралы  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел тергеу тобы ақша ұрлау және шетелде заңдастыру фактісі бойынша БТА Банкінің бұрынғы топ-менеджерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. 2017 жылғы 7 маусымда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты БТА-банкінің экс-басшысы, басты фигурант Мұхтар Әбілязовті 20 жылға бас бостандығынан айырды. Қабылданған шаралардың арқасында БТА банкінен шамамен 2 млрд доллар қайтарды.Бұл қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде ақшалай қаражат, активтер, қарызды талап ету құқығы залал келтірген тараптың өтеу есебінен жәбірленушінің пайдасына беріледі", - дейді Сергей Перов.

Оның айтуынша, қылмыстық іс басталғаннан бері 8 сот ісі қозғалған, оның ішінде 42 адам сотталған.

"Жақында іздеуде жүрген 10 адам өз еркімен елге оралды. Олардың арасында БТА-ның топ-менеджерлері, Әблязовтың ең белсенді әріптестері - ЖақсылықЖарымбетов, Сәдуақас Мәмеш(Кредиттік комитет төрағасы), Қайрат Садықов (Кредиттеу департаментінің директоры) бар. Олардың барлығы сотта өз кінәлерін мойындады. Сондықтан оларға тек шартты жаза тағайындалды. Биылғы жылдың мамыр айында тағы 7 адамның тергеу жұмыстары аяқталды. Олар да өз еркімен Қазақстанға оралды. Арасында Әблязовтың («ИПГ Евразия», «Евразия Сити» және «Славинвсетбанк») бақылауындағы компаниялардың директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Артур Трофимов бар. Трофимов Ресей аумағында ұйымдасқан қылмыстық топты ұрлау және ақшаны жымқырумен айналысқан. Ол Өзбекстан аумағында ұсталды", - дейді тергеу департаментінің басшысы.

Оның айтуынша, осы жылдың 26 ​​қаңтарында Ресей азаматы саналатын әрі Австриядағы босқын мәртебесі бар Трофимовтың жазбаша талабына сәйкес, ол Қазақстанға экстрадицияланған.

Трофимовтен басқа іздеуден ерікті түрде оралғандар:

Максим Хаблов - Ресей Банкінің адвокаты,

Анар Әбдіқайымова - Әблязов басқарған компаниялардың атаулы жетекшісі,

Валерий Налобин - Басқарушы директор - бас Банктің кредиттік комитетініі мүшесі,

Ержан Кадизов және Саур Жүнісов- Венгриядағы кредиттік бөлімшелердің басшыларының орынбасарлары

Анатолий Погорелов - Бірікккен Араб Әмірлігіндегі БТА кредиттік комитетінің төрағасы.

"Әбдіқайымова, Кадисов шетел азаматтары болғандарына қарамастан, өз еріктерімен Қазақстанға келгенін атап өту керек. Венгрияның босқын мәртебесін алған Саур Жүнісовтің жағдайы да осыған ұқсас. Күдіктілер өздерінің Қазақстанға қайтып оралу туралы шешімін үнемі жасырынып, қорқып-үркіп жүруден шаршағандарымен, туыстарынан алыстап, қамауда жүрулерімен байланыстырады. Неліктен бұрын қайтпағандарын сұрағанда, айыпталушылар 2009 жылы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Әбілязовтың жақтастары оларды қорқытып отырғанын айтты", - дейді Сергей Перов.

Өзгелердің жаңалығы