Мәскеудегі бокс кешінде Шәріповамен қатар кімдер жұдырықтасады?

18 Сәуір 2019, 11:25
1763
Бөлісу:
Мәскеудегі бокс кешінде Шәріповамен қатар кімдер жұдырықтасады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде Мәскеуде Флойд Мейвезердің Бокс академиясында “Проспект” сериясындағы бокс кеші өтеді. Бокс кешіне қазақстандық Әлем чемпионы Фируза Шәріпова қатысады. Бұл туралы боксшының баспасөз қызметінің өкілі мәлім етті.

Жалпы кеште 9 жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Толық файт-кардтың көрінісі келесідей:

Илья Щербаков, Ресей - Дагир Качакаев, Ресей

Ибрагим Цуров, Ресей - Марк Чимидов, Ресей

Арслан Яллыев, Ресей - Герман Скобенко, Ресей

Вячеслав Летовальцев, Ресей - Ахмаджон Инаков, Өзбекстан

Фируза Шарипова, Қазақстан - Анастасия Тришева, Ресей

Владимир Мышев, Ресей - Владислав Максюченко, Украина

Петрос Ананян, Ресей - Аркадий Аратунян, Армения

Гайбатула Гаджиалиев, Ресей - Павел Маликов, Ресей

Айк Шахназарян, Ресей - Эльнур Самедов, Ресей.

WBA Continental титулын жеңіп алу үшін боксшылар 12 раундтан тұратын жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова өзінің титулдарын жекпе-жекке қойып отырған жоқ. Бұл жұдырықтасу Фируза үшін жаңа салмақ 63,5 килограмм дәрежесінде өтеді.

 

Өзгелердің жаңалығы