Мәскеуде екі ұшақ соғылып қалды

4 Қыркүйек 2019, 12:24
2267
Бөлісу:
Мәскеуде екі ұшақ соғылып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Мәскеудің Шереметьев әуежайында екі ұшақ соғылысып қалды. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.

229 жолаушысы бар «Аэрофлоттың» ұшағы Мәскеу-Бейжің бағыты бойынша ұшуға дайындалып тұрған. Алайда оған буксирмен сүйреп әкетіп бара жатқан Royal Flight әуекомпаниясының ұшағы келіп соғылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ұшақты сүйреп алып бара жатқан жүргізуші ара қашықтықты дұрыс есептемеген, нәтижесінде Royal Flight пен Аэрофлот ұшақтарының қанаттары соғылысып қалған. 

«Аэрофлот» әуекомпаниясының баспасөз қызметі ұшақтардың бүлінуіне байланысты SU202 Мәскеу-Бейжің рейсінің кешіктірілгенін растады. Әуе кемесінде отырған жолаушылардың барлығы дін аман. Компания жолаушылар үшін қосымша рейсті ресімдеген. Ал, екінші ұшақ бос болған.
Өзгелердің жаңалығы