Мәскеуде Абай ескерткішінің жанында инсталляция ұсынылды

12 Тамыз 2020, 22:43
1494
Бөлісу:
Мәскеуде Абай ескерткішінің жанында инсталляция ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәскеуде Чистые пруды бульварындағы Абай ескерткішінің жанында бірегей инсталляция ұсынылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Ұлы қазақ ақыны және ойшылы болып табылатын тұлғаның суреті салынған көлемді пазл қазақстандық балалардың 200 суретінен құралған. Олар классик ақынның 175-жылдығын тойлау шеңберінде өткізілген көптеген конкурстардың нәтижелері бойынша іріктелді.

Науқанның ұйымдастырушылары – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі, Ресейдің Қазақстандағы Елшілігі, "Ресейдің мәдени маусымдары" Қоры, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі, Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубы (Нұр-Сұлтан қ.), Қазақстандағы педагог-суретшілердің халықаралық одағы, "Балалар әлемді бейнелейді" Қоры (Қазақстан), "Жамбыл дарыны" орталығы – ЮНЕСКО клубы (Тараз қ.), "ЛОРД" лицейі (Петропавл қ.).

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев науқан өткізіліп жатқан орынның маңыздылығын атап өтті: дәл осы жерде, Бульварлық Айналмада көрнекті орыс әдебиетшілерінің ескерткіштері, соның ішінде Абай алғаш рет қазақ тіліне туындыларын аударған Пушкиннің ескерткіші орнатылған. Дипломат ақынның қара сөздері бүгінгі таңда да өзекті екенін, өйткені тұрғылықты жеріне қарамастан барлық адамдар үшін түсінікті және әмбебап болып табылатынын атап өтті.

Мәскеудің сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаменті басшысының орынбасары Алексей Бондарук Ресей астанасымен Қазақстанды ерекше жылы, тиімді және достық қатынастар байланыстыратынын атап өтті. 

Мәскеулік ретінде мен үшін қазақ халқымен арамыздағы достық қатынастар көбінесе Абайдың шығармашылығына негізделетінін сезіну маңызды. Бәлкім, 1941 жылы орыс және қазақ халықтарына Мәскеуді қорғап қалуға жәрдемдескен "болат қылыш" Абайдың орыс классиктерін аударған туындыларына негізделген болар. Мен мәскеулік ретінде осындай керемет ұлы тұлғаны қатты құрметтеймін, – деп атап өтті Бондарук.

Науқан қатысушыларының бірі – Нұр-Сұлтан қаласындағы  Ресей ғылым және мәдениет орталығы директорының ұлы, 11-сынып оқушысы Анатолий Коропченко болды. 

Бүгін мен іс-шараға Абайдың суреті салынған жейдеде келдім. Әкемнің мамандығына байланысты, мұндай іс-шаралар мен үшін қызықты және маңызды. Қазақстанға жиі жасайтын сапарларым барысында мен оның көптеген қызықты жерлерінде болдым және мен үшін енді жақын бола түскен қазақ мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігіне таң қалдым, – деді оқушы.
Өзгелердің жаңалығы