Бас жаңалықтар
Мүсірепов театры қойылымдарын онлайн ұсына бастады
24 Наурыз 2020, 18:13 84

Мүсірепов театры қойылымдарын онлайн ұсына бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театры карантинге байланысты қойлымдарын онлайн режимде ұсына бастады. Бұл туралы театрдың facebook-гі парақшасында жазылды.

Құрметті оқырмандарымыз, көрермендеріміз! Алматы қаласында карантинге байланысты Ғабит Мүсірепов театрының қойылымдарын онлайн режимде өздеріңізге ұсынып отырмыз. Карантин уақытында үйде отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүйікті театрыңыздың сүйікті қойылымдарын "YOU TUBE" әлеуметтік желісінен тамашалауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Театр репертуарындағы ұсынатын спектакльдер тізімінде "Ер көжек" - (музыкалық ертегі) авт. Ө.Боранбаев,  "Естайдың Қорланы" - (махаббат-нама) авт. Иран-Ғайып, "Махаббат хаттары" - (драма) авт. А.Герни және  М.Горькийдің  "Шыңырау" драмасы бар.  
Қойылымдарды мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/channel/UC-ZyDxzrNGm64MFLrcE0GJA

Фото: дереккөз
Загрузка...