Мұсабаева: ҚХА-ның кезекті сессиясы жемісті болатынына сенімдімін

22 Сәуір 2019, 16:08
2317
Бөлісу:
Мұсабаева: ҚХА-ның кезекті сессиясы жемісті болатынына сенімдімін
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазастан халқы Ассамблеясы – жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің басын бір шаңырақ астына жиған бірегей институт. Петропавлдағы «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының жетекшісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті Гүлбақша Мұсабаева биыл ҚХА сессиясына 8-і рет қатыспақ. Ел өміріндегі тарихи оқиға жайында Гүлбақша Нұрмұқанқызының пікірін білген едік.

«Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы бізді еліміздің дамуына салмақты үлес қосып жүрген тұлғалармен жақынырақ таныстырады. Биыл да көпшілік бұл жиыннан жақсы жаңалықтар күтіп жүргені анық. 29 сәуір күні болатын Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясының 3 ерекшелігін атап өтсем:

Біріншіден, Сессия тұңғыш рет атауы өзгерген астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Екіншіден, ҚХА тарихында алғаш рет сессияға ҚР бқрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етеді.

Үшіншіден, Ассамблея сессиясында тұңғыш рет биік міндерден жастардың мәселесі көтеріледі», - деді ол.

Гүлбақша Мұсабаева Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы қарсаңындағы сессия мазмұнды болатынына сенім білдірді. 

«Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысының атынан алқалы жиынға барған делегация жаңа күш, шабытпен оралады. Сол леппен бір отбасыдай Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін тойлаймыз», - деп атап өтті спикер.

«Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының жетекшісі барлық қазақстандықты келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Бейбітшілік пен келісім және ынтымақтастық жастар саясатының жаңа концепциясының негізіне айналсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлеріне еліміздің беделін сақтап, нығайтуда қосқан үлесі үшін айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді Гүлбақша Мұсабаева.


Өзгелердің жаңалығы